Мінсіз жүк жеткізілімдері

Жүргізушілерге арналған мансап

Әлемді көр де табыс тап!

Жол — бұл жай ғана жұмыс емес. Бұл өмір салты, еркіндік және әлемді көру мүмкіндігі.

TELS CARGO-да сіз тұрақты табыс қана емес, сонымен қатар ертеңгі күнге деген сенімділік аласыз. Біздің команда — еңбекті бағалайтын, жүргізушінің жеке уақытын құрметтейтін және маршруттың барлық кезеңдерінде жайлы жағдайды қамтамасыз ететін мамандар.

Халықаралық тасымал командасына кірудің екі форматы: тәжірибесі бар жүргізушілер үшін және тәжірибесіз үміткерлер үшін — ақылы тағылымдама арқылы.

Тәжірибесі бар үміткерлер

Бос орын: халықаралық жүргізуші (СЕ санаты). Табыс 1 600 000 теңгеге дейін.

Табыс және қаржы

  • Жүрілген жол бойынша адал есеп, уақтылы төлем және рейстегі жедел шығындарға аванс.
  • Үздіксіз рейстер мен еңбек өтілі үшін сыйақы, жылдық бонус және үздік жүргізушілерге фирмалық сыйлық. Медициналық сақтандыру шығынын өтеу.
  • Тоқтап қалудан қорғау: өтемнің өспелі шкаласы — тоқтап қалу ұзақ болған сайын бонус жоғары.
  • Ұсыныс үшін бонус.

Рейстер және автопарк

  • География: Қытай — Қазақстан — Ресей — Беларусь — ЕО елдері (Литва, Латвия, Польша, Чехия, Германия, Бенилюкс).
  • Кесте: айналма рейстер 14 күннен 1 айға дейін. Демалыс орындалған айналым санына байланысты.
  • Техника: MAN тартқыштары (EURO-5/6), шторлы тенттер.
  • Формат: көлікті жеке бекіту, экипажда жұмыс (3/2, 2/1) немесе ауыстыру.

Қамқорлық, виза және қолдау

  • Ресми жұмысқа орналастыру және толық визалық қолдау.
  • Жолда: 24/7 көмек, ұялы байланыс, қонақүй және такси ақысын төлеу.
  • Кеңседен автомобильге дейінгі жол шығынын өтеу.
  • Кеңсемен байланыс — TELS CARGO Driver мобильді қосымшасы.

Үміткерге қойылатын талаптар

  • «СЕ» санаты бойынша жұмыс тәжірибесі және ілеспе құжаттарды білу.
  • Құжаттар: жүргізуші куәлігі, халықаралық жүргізуші сертификаты, ADR куәлігі, ЕСТР картасы.
  • Құжаттардың бәрі дайын болмаса — тексерілген орталықтарды көрсетеміз.

Уақыт сынынан өткен тұрақтылық. Бізбен бірге!

Тәжірибесі бар үміткер ретінде өтіну

Тәжірибесіз үміткерлер (тағылымдамашылар)

СЕ санатындағы жүргізушілерге арналған халықаралық мансаптың старты. Тағылымдамадан кейінгі орташа табыс — 1 250 000–1 400 000 теңге.

Стартта не береміз

  • Ақылы тағылымдама — тәулігіне 9 000 ₸ және лауазымдық жалақы.
  • Мерзімі жеке: ұзақтығы сіздің тәжірибеңіз бен үйрену жылдамдығыңызға байланысты.
  • Тәжірибеде оқыту: маршрут, құжат және процестерді тәлімгермен бірге талдайсыз.
  • Теория мен практика тексерілгеннен кейін бірден өз бетіңізше рейске шығасыз.

Сізден күтетініміз

  • «С» санаты бойынша тәжірибе — артықшылық, бірақ кандидатураны қарауға кедергі емес.
  • Құжаттар: өзекті жүргізуші куәлігі, халықаралық жүргізуші сертификаты, ADR куәлігі, ЕСТР картасы. Жетіспейтін құжатты рәсімдеуге көмектесеміз.
  • Жеке қасиеттер: үйренгіштік, жауапкершілік, ұқыптылық, тәртіп.

Тағылымдамадан кейін: табыс және қаржы

  • Жүрілген жол бойынша адал есеп, уақтылы төлем және рейстегі жедел шығындарға аванс.
  • Үздіксіз рейстер мен еңбек өтілі үшін сыйақы, жылдық бонус және үздік жүргізушілерге фирмалық сыйлық. Медициналық сақтандыру шығынын өтеу.
  • Тоқтап қалудан қорғау: өтемнің өспелі шкаласы — тоқтап қалу ұзақ болған сайын бонус жоғары.
  • Ұсыныс үшін бонус.

Тағылымдамадан кейін: рейстер және автопарк

  • Қытай — Қазақстан — Ресей — Беларусь — ЕО елдері (Литва, Латвия, Польша, Чехия, Германия, Бенилюкс).
  • Айналма рейстер 14 күннен 1 айға дейін. Демалыс орындалған айналым санына байланысты.
  • MAN тартқыштары (EURO-5/6), шторлы тенттер.
  • Көлікті жеке бекіту, экипаж (3/2, 2/1) немесе ауыстыру.

Тағылымдамадан кейін: қамқорлық және қолдау

  • Ресми жұмысқа орналастыру және толық визалық қолдау.
  • Жолда 24/7 көмек, ұялы байланыс, қонақүй және такси ақысын төлеу.
  • Кеңседен автомобильге дейінгі жол шығынын өтеу.
  • TELS CARGO Driver мобильді қосымшасы.

Мансапты кәсібилермен бастаңыз. Бөлісуге дайын тәжірибе.

Тағылымдамаға өтіну

Өтінім қалдыру

Форматты таңдаңыз және өтінім жіберіңіз.